— конгресстерді, симпозиумдарды, ғылыми конференциялар мен кеңестерді ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
— қалпына келтіретін медицина мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу;
— оңалтуға көмек көрсету технологияларын енгізу және тарату;
— медициналық оңалтуды, әлеуметтік бейімделуді, психологиялық-педагогикалық түзетуді қамтитын көп бейінді топты қалыптастыру үшін мақсатты топтар, оның ішінде білім беру, құқық қорғау және басқа да ұйымдар, халықтың осал топтары арасында интерактивті технологияларды пайдалана отырып білім беру тренингтерін өткізу;
— медициналық және медициналық емес персоналдың, Қазақстан Республикасының және басқа елдердің мүдделі ведомстволарының мамандарының біліктілігін арттыру курстарын өткізу;
— жоғары оқу орнынан кейінгі ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға білім беру ұйымдарымен бірлесіп қатысу.
Басқару функциялары мен міндеттері:
— ғылыми зерттеу қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру және жүзеге асыру;
— Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шетелдердің ұйымдарымен бірлескен ғылыми-зерттеу бағдарламалары саласында Қоғам арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және үйлестіру;
— Қоғамның ғылыми-зерттеу және ғылыми-инновациялық қызметінде халықаралық гранттар мен шетелдік қорлардың инвестицияларының мүмкіндіктерін барынша толық пайдалануды қамтамасыз ету;
— Қоғам жүзеге асыратын ғылыми бағдарламаларды: ұлттық, халықаралық, коммерциялық шарттарды қолдауды жүзеге асыру;
— Қоғам қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған комиссиялардың, кеңестердің және қоғамдардың қызметін ұйымдастыруға және үйлестіруге қатысуға бастамашылық ету;
— Қоғам қызметкерлерінің ғылыми әлеуетін барынша толық пайдалануды қамтамасыз ету;
— ғылыми-зерттеу сипатындағы мәселелер бойынша Қоғамның филиалдарына ұйымдық, консультативтік және техникалық қолдау көрсету.