Меню KDT
Mediku - Healthcare HTML Template

Директорлар кеңесі «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) басқару органы болып табылады. Директорлар кеңесі Қоғамның стратегиялық мақсаттарын, дамуының басым бағыттарын айқындайды және ұзақ мерзімді перспективада Қоғам қызметінің негізгі бағыттарын белгілейді. Директорлар кеңесі Қоғамның және Басқарманың қызметіне бақылауды жүзеге асырады. Директорлар кеңесінің функцияларын тиімді жүзеге асыруға ықпал ету мақсатында мынадай Комитеттер құрылады: Аудит жөніндегі комитет, Адам ресурстары және сыйақы жөніндегі комитет, Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитет және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес Директорлар кеңесінің қарауы бойынша басқа да комитеттер. Директорлар кеңесі өз функцияларын заңнамаға, Қоғам Жарғысына, Корпоративтік басқару кодексіне, Директорлар кеңесі туралы ережеге және Қоғамның басқа да ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.

Директорлар кеңесінің құрамы:

Кәрібаева Мамыр Қуанышқызы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті
Мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс департаментінің бас сарапшысы;
Ажар Гиният – «NCDR» КЕАҚ басқарма төрағасы;
Нұрлыбаев Ержан Шәкірұлы – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрі;
Әбенов Мұрат Абдуламитұлы – тәуелсіз директор;
Әбсаметов Нариман Мәлисұлы – тәуелсіз директор;
Устинович Олеся Сергеевна – тәуелсіз директор.

Корпоративтік хатшы:

Директорлар кеңесінің қызметін және Басқарманың акционерлермен өзара іс-қимылын тиімді ұйымдастыру мақсатында Директорлар кеңесі Корпоративтік хатшыны тағайындайды.

Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесіне есеп береді және Басқармадан тәуелсіз. Корпоративтік хатшы өз қызметін заңнаманың, Қоғам Жарғысының, Корпоративтік басқару кодексінің, Корпоративтік хатшы туралы ереженің және Қоғамның басқа да ішкі құжаттарының негізінде жүзеге асырады.

Демесінов Таир Саматұлы – Корпоративтік хатшы