Оқу залы интернет пен кітапхананың деректер қорына қолжетімділікті қамтамасыз етеді, қажетті материалды басып шығаруға болады.
Кітапхана қорында 3030-дан астам кітап бар, оның 1923-і медицинаға арналған; түзету педагогикасы -405; балалар әдебиеті – 275: көркем әдебиет – 427.
Мерзімді басылымдар мұрағатында 50-ден астам медициналық журналдар бар; түзету-педагогикалық сипаттағы 30-дан астам атаулар.
Дәстүр бойынша кітапханада атаулы және есте қаларлық даталарға арналған кітап көрмелері және орталығымыз туралы тұрақты жұмыс істейтін «Біз туралы» көрме ұйымдастырылып, Орталық өмірінен тың ақпараттармен толықтырылып отырады.
Ыңғайлы қызмет көрсету үшін оқырмандарға таңдау ұсынылады; Олар кітапхананың оқу залында өздеріне ұнаған әдебиеттерді келіп оқи алады, сонымен қатар Кітапхана ережесі мен белгіленген тәртіппен белгілі бір уақытқа дейін өздерімен бірге ала алады.