ҚЕАҚ «Ұлттық балалар оңалту орталығының» Қызылорда филиалы 2013 жылдың 1 желтоқсанынан бастап жұмыс істейді. Филиал жұмысы психоневрологиялық патологиясы бар балалардың әлеуметтік бейімделуіне әкелетін қозғалыс, психоэмоционалдық, сөйлеу бұзылуларын кешенді түзетуге бағытталған. Төсек-орнының саны – 60 төсек. Филиалда пациенттерді бір уақытта қабылдау және шығару арқылы келу жүйесі енгізілген. Болу ұзақтығы 24 күн, жылына 14 келу. Оңалту диагностика мен оңалтудың бірыңғай хаттамасы бойынша жүргізіледі, жасына, жынысына, діни нанымына, ұлтына, тұрғылықты жеріне қарамастан күтімге бірыңғай тәсіл қолданылады.
Филиалда жыл сайын 900-ге жуық бала оңалтудан өтеді. Филиалда көпсалалы команда (КСК) құрылған, оған мыналар жүктелген: пациенттің жағдайы мен функциясының бұзылу дәрежесін түскен кезде, динамикада және шығарар алдында халықаралық критерийлерге сәйкес жүргізу және бағалау; оңалту диагнозын, оңалту әлеуетін және болжамын анықтау; медициналық оңалтуды жүргізу үшін көлемін, кезеңін, медициналық ұйымын анықтау. Интегративті оңалтудың үш модулі қолданылады: Медициналық модуль: функционалдық жағдайын бағалау, эрготерапия, кинезотерапия (емдік дене шынықтыру), физиотерапия, диетотерапия, ботулинотерапия, БОС-терапия, механотерапия. Психологиялық-педагогикалық модуль: логопедия, дефектология, психологиялық қолдау, Монтессори-терапиясы, музыкалық терапия, ойын терапиясы. Әлеуметтік модуль: ортездеу, бейімделген спорт және спартакиадаға қатысу, шеберханаларда кәсіптік бағдарлау («автодром»), құқықтық кеңес беру, маматерапия. Филиал «Талсуат» ауылдық округінде, №6 көше, №1 үй мекенжайында орналасқан, байланыс нөмірі: +7 747 778 2052.